"Бақытымды таптым": Жанар Айжанованың экс-күйеу баласы үйленді

0
5 160

Көпшілік жас келінді Қыран Талапбектің бұрынғы әйелі Айжұлдыз Адайбековаға ұқсайтынын жазып жатыр.


Белгілі мобилограф Қыран Талаппен отбасын құрды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның таңдауы актриса, блогер Гүлзада Тұрлашқа түскен.


Жастардың бұл видеосын көрген желі қолданушылары оларға бақыт тілеп, қуаныштарына ортақ екендіктерін білдіріп жатыр. Десе де арасында мобилографқа "Анаңа ұнайтын қыз табылды ма?", "Айжұлдыздан айнымайтынын алыпсыз" деген хейттер де табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қыран Талапбек осыған дейін Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековаға үйленіп, кейін ажырасып кеткен еді. Олардың ортақ бір баласы бар.