"Бала әкесімен, сабағы жаман емес сияқты": Мадина Сәдуақасова жаңалықтарымен бөлісті

0
3 444


Соңғы кезде Мадина Сәдуақасовның жеке өмірі мен күйзелісі туралы түрлі ақпараттар тарап жүр. Оған әншінің желідегі өз жазбалары дәлел.


Бүгін Нұр-сұлтан қаласынан желіге сурет жариялаған Мадина ханым "Қымтанып киініп алам да бір қаладан басқа қалаға тоқтамастай кезіп жүрмін соңғы уақытта, бала әкесімен, сабағы жаман емес сияқты, бізде бірінен соң бірі түсірілімдер, жобалар , тағы басқа шаралар, шаруалар... Өздеріңізде қалай, сөйлеспегелі көп болды Сіздермен. Бұрынғы өмірімізге қайтып оралып жатырмыз-ау?" деген жазба қалдырды.


Мұны оқыған желі оқырмандары "Әкесімен болса жақсы бопты әйнәләйін сен жақсы болсаң бізде жақсымыз", "Балаға анасы мен әкесінен артығы жоқ" деген пікірлерін жарыса жазуда. Арасында "Жұбайыңызбен татуластыңыз ба?" деп жеке өміріне қызығушылық танытқандар мен "Ақылың бар қызсың ғой, алтыным! Отбасыңды сақта" деген сынды ақылдарын айтқандар да бар.