​«Балам 3-4 сағатқа жоғалып кететін»: Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының тірлігін айтып берді

0
483

«Сүйіктісімен бақытты болсын деп тілеп отырмын»


​«Балам 3-4 сағатқа жоғалып кететін»: Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының тірлігін айтып берді


Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас екінші рет отау құрғалы жатыр. Жұлдызды отбасының кенжетайы Шымкенттік Индира Мәуленова есімді бойжеткенді ұнатыпты. Жақында Заңғар Түркістанға арнайы барып, сүйіктісіне сол жерде өз сезімін білдірді.


Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының үйленгелі жатқанын жұртқа жариялап, оның балалық шағын еске алды.


«Бір-екі күннен бері, Заңғарым өзінің өмірлік жарына сөз салғалы бері ағайын-туыс, дос-жаран, оқырмандарым құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Әрбір ата-ана үйіне адал келін түсіріп, баласы екеуі мәңгі бірге жүрсе дейді ғой. Біз де соны тілеп отырмыз. Заңғарым екеуі үлкен әулетке айналса екен...


Осы орайда оқырмандар "Заңғар балаңыздың балалық шағынан естеліктер айтыңызшы" деп жатыр. Заңғарым кішкентайым ғой, еркелігі де бар, мейірімділігі де жоқ емес. Бір күні Аяным мен Заңғарымды мешітке ертіп апардым. Алдында отырған ата-апаларға садақа ретінде ақша тастадым. Сонда Заңғар «Мама, оларға не үшін ақша беріп жатырсыз?» деп сұрады. «Біз бұл кісілерге ақша берсек, олар жылы үйде қонады, бала-шағасына нанын алып барады» деп жауап бердім. Сол уақыттан бастап балам екі-үш сағатқа жоғалады, төрт сағатқа кешігетін болды. Бір күні қорқа бастадым. «Бұл не бүлдіріп жүр, қандай нәрсеге кіріп кетті?» деп ойладым. Ойым бұзылып кетіп, қыспаққа алдым. Сөйтсем балам «Анашым, мен туралы жаман нәрсе ойламаңызшы, сіз өткенде садақа бергеннен кейін мен де мектепке деп берген ақшаны үнемдеп жүрмін. Мектепке жаяу барам, үзілісте тамақ ішпеймін, үйге де жаяу келемін» деп айтты. Сөйтсем Заңғарым жолкіре мен тамақтан үнемдеген ақшасын күнделікті Тастақтағы мешіттің алдында отырған кісілерге апарып беріп жүріпті» деді Гүлзира Айдарбекова.


Айта кетейік, Заңғар Нұртас бұған дейін Жібек есімді қызға үйленіп, көп ұзамай ажырасып кеткен. Қазіргі сүйіктісі модель боп жұмыс істейді. Екеуі киім дүкенінің жарнамасына түскенде танысқан екен.