"БАЛАММЕН ҚАБЫЛДАСА БОЛДЫ": Мөлдір Әуелбекова ұзату тойының шақыру билетін жариялады

0
4 303

Мөлдір Әуелбекова жар таңдауда қателестірмейтін кеңестер айтты.


фото: ашық дереккөзден

Әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуінен ажырасқанымен, екіншісіне шығуды ерсі санамайды. Тіпті, тас-түйін дайын екенін айтады. Тек қана баласымен қабылдаса болғаны. Арқа сүйер азаматының материалдық жағдайының мықтылығы емес, тектілігі маңызды екендігін айтуды да ұмытпады. Бұл туралы әнші НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты.

"Гүлмін" деп әндетіп, ерекше сәнденіп жүретін Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасына ұзату тойының шақыру билетін салған болатын. Болатын уақыты белгісіз деп, әзіл аралас жазба қалдырған әнші оның барлығы жәй ғана арман екенін жазған.

"Арман ғой ол, жәй ғана. Егер де адам табылып жатса, мені түсінетін, өнерімді түсінетін, баламды қабыл алатын, мейірімді, сондай күшті жан болса. Үміт қой, енді. Бір-ақ талап қой менде. Мені баламмен бірге қабылдаса болды", - деп қайырды әнші.

Ал, өзге қыздарға жар таңдауда қателеспеу үшін неге көңіл бөлуі керек екенін де толыққанды түсіндіре кетті. Тектілікті басты назарда ұстауды жөн санайтын әнші, бұрынғы күйеуінен кеткен арадағы түсініспеушілікті айтып жатқандай көрінді.

"Қазақта сөз бар ғой, "текті жерден қыз ал, текті жерге қыз бер" деп. Оның отбасын білу керек. Оның ата-анасы кім? Арғы тегі кім? Білімі қандай, соның барлығына қарау керек екен", - деді Мөлдір Әуелбекова.

ERNUR.KZ