"Бәрінің еріндері ұқсас": Дене қызуы 39 градус болса да қыз ұзатқан "асаба" кім?

0
2 333


Белгілі журналист Айгүл Мукей әлеуметтік желідегі парақшасынан ауырып тұрғанына қарамастан, қыз ұзатып жүрген арудың суретін салды. Суреттегі жан дене қызуы 39 градус болса да, тойға барудан бас тартпағанын жазған және бұл әрекетін жауапкершілік деп түсіндірген.


Айгүл Мүкей көпшіліктің талқысынан түскен суретті Азамат Исаев (@issaazamat) есімді желі қолданушысының парақшасынан алғанын жазған. Тележүргізуші індетке бей-жай қарамау керектігін, бойжеткеннің той-томалақтарға барып өзгелерге ауруын жұқтыруы әбден мүмкін екенін жеткізді.


"Қыздар, дұрыс түсініңіздер. Бұл аса қауіпті ауру. Сендер жассыңдар, дене қызуымен жүріп-ақ жазылып кетесіңдер. Ал үлкендер болса, көз жұмып жатыр" ,- деді ол.


Аталмыш фотода ұлттық көйлек киіп отырған қызды көруге болады.


"39 градус температурамен отырмын. Бүгін екі қызды ұзатуым керек еді. "Подводить" еткенді ұнатпаймын. Бұл да бір біреудің көптен күткен қуанышы емес пе" , - деп жазған белгісіз қыз.





"39 температура болса отыр үйіңде. Ақшадан өлген ба", " Оған ақша керек, біреудин денсаулығын не қылсын.Сөз жок" , "Біреудің көптен күткен қуанышын күтпеген қайғыға айналдырмаса болғаны. Ақшадан өлді ма сонша? Жатпай ма үйінде қанша адамды қатерге тікпей" , - деп жазуда олар.

Желі қолданушыларының бірі суреттегі қызды Айнұр Тұрсынбаеваға ұқсатса, енді бірі Тамара Асар деп жазған. "Бәрінің еріндері ұқсас, түрлері де ұқсас", - десе, енді бірі jazi_almatova есімді әлеуметтік желі қолданушы екені туралы пікір жазған.