"БАРЛЫҒЫ ЖӘЙ ҚОЙЫЛЫМ" - Байзақова көпті алдағанын мойындады (ВИДЕО)

0
2 053

Айжан Байзақова жалғыз басты аналарды қолдаймын деп дүйім жұртты алдады


Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде атышулы Айжан Байзақованың тұрмысқа шығып жатқанын бейнелейтін түрлі бейнежазбалар қаптаған еді. Дәстүр бойынша сырға салынып, той серуенінен түрлі көріністер көрсетілген болатын. Алайда, оның барлығы Айжанның елге жасаған кезекті тосынсыйы болып шықты.

Ақ көйлек пен гүл шоқтары қалыңдықтың қолынан табылып, күйеу жігітті қолтықтаған Байзақоваға көпшілік сеніп қалды. Сенбеуге еш негіз қалдырмаған хайпер қыз, бұл қойылымға бір жарым ай дайындалған көрінеді. Тұрмысқа шықпай тұрып өмірге сәби әкелгенін, және ол үшін еш өкінбейтінін айта келіп, барша жалғызбасты аналарды қолдағысы келген.Құрсақта бала пайда болып, оны жарты жолда алдырып тастау нағыз оңбағандық екенін айтып, көзіне жас алды.

" Менің аяғымның ауыр болғанына қарсы болған жақындарым қазір өте қуанышты. Менің оқырмандарымның барлығы мені барлығы жалғызбасты ана деп бетіме басты. Егер сенің балаң болса, онда сен жалғыз емессің деп ойлаймын. Менің негізгі айтпағым, менің жағдайымдағы қыздар көп қоғамда. Күйеуі жоқ, бірақ, баласы бар. Мен ол жандарды қолдағым келеді. Бала деген ең үлкен бақыт қой. Ал енді менің сіздерге деген тосынсыйым бар. Мұның барлығы тек әлеуметтік эксперимент үшін ғана болған. Мен тұрмысқа шыққан жоқпын" , - деп өзінің елді кезекті рет алдағанын жария етті.

Хайптың соңынан ерген Байзақова Айжанның бұл әрекетіне достары да таң қалды. Оның бір бейнежазбаларда "өз тойымда осындай көйлек киеді деп ойладыңдар ма?" деген сөздерін де аңғаруға болады. Ал, оқырмандар тарапы жаппай теріс пікір білдіріп жатыр.

"Бала туғаннан кейін өзгеріпті деп ойлап едім. Бақыт тілеген едік", " Қатыгез жан екен бүкіл елді алдап", " Барлығы жәй қойылым ғой. Басынан сенбегенмін. Сырға салуы да өтірік екендігін білгенмін", - деп жазды желідегі жұрт.




ERNUR.KZ