"БАСҚА АМАЛ ЖОҚ": Асылхан Төлепов "көршінің қызын жүкті етіп", некесіз сәбидің "әкесі" атанады

0
6 071

Азамат Сатыбалды неден қорықты?


фото: ашық дереккөзден

...Әке-шешенің тәрбиесін көрмеген, үйі берекесіз Асылхан Төлепов көршісінің қызын жүкті қылады. Ол болған жағдайларға іштегі баланың еш кінәсі жоғын жеткізгісі келді...

Бұл актердың кезекті театр қойылымындағы сомдаған рөлі. Көпшілік назарына ұсынылған туындының барысы жайында НТК арнасындағы Ревю бағдарламасында айтылды.

Украин жазушысы Мария Ладоның шығармасынан аударылған "Адамзат" деп аталатын су жаңа қойылым, пендешіліктің былығына батқан жандардың тіршілігін көрсетеді. Басты рөлдердің бірін сомдайтын Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың жас актері - Асылхан Төлепов. Ол қоғамдағы болып жатқан келеңсіз оқиғаларға арқау болған туындының халыққа берер тәрбиесі орасан деп біледі.

"Үсті-басы жыртық. Үйі болса анау. Әкесі болса анау, алқаш. Анасы жоқ. Былайша айтқанда жетім өскен жігіт қой. Әкесі қарамаған. Сол жоқшылықтың кесірінен осындай қадамға барды. Басқа амал жоқ. Бірақ, сәби дүниеге келуі үшін бір адамның өлуі міндетті емес. Біз соны жеткізгіміз келеді", - деді Асылхан Төлепов.

Ал, театр басшысы Азамат Сатыбалдының ойында қойылым көрерменге өтпей қала ма деген күдік болған көрінеді. Десе де, талантты актер қорқынышының бекер екенін қуана жеткізді.

"Бізде қорқыныш болды. Көрермен қабылдай ма, қабылдамай ма? Бірақ, бүгінгі, кешегі көрермендердің қабылдауы біздің көңілімізді, қорқынышымызды су сепкендей сейілтті. Қайта қуаныш сыйлады. Осылай да ойнап, осындай формадағы қойылымдарды көрерменге жаңа бағытта ұсынуға болады екен", - деді Ғ.Мүсірепов атындағы театр директоры Азамат Сатыбалды.

ERNUR.KZ