"Басқа бірдеңе ойлап табыңызшы": Нұрлан Қоянбаевтың киносын көрермендер сынап тастады

0
1 505

Жақында Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Үндістанда" фильмі көрерменге жол тартқан еді.


Бұл жолы фильм Үндістанда түсірілді. Бұған дейін «Қазақша бизнес» туындысының алғашқы бөлімі 2016 жылы елімізде жарық көрді. Кейін Америка, Корей, Африка, Түркия елдерінде жалғасын тапқан болатын.

29 желтоқсанда премьерасы өткен туынды тек қана қазақ тіліндегі сеанста көрсетіледі.


"Жылына кинотеатр желісі 230-240 кино көрсетеді. Соның ішінде 2-3 кино ғана қазақ тілінде" деп жазды Нұрлан Қоянбаев.



Кино туралы желі оқырмандары түрлі сын жазуда. "Бизнесті жан-жаққа жібердің, басқа кино шығаршы", "осы жолы бір сағат қана, неге ұзақ емес?", "кино таза қазақ тілінде емес", "бизнестің дәуірі бітті, басқа нәрсе ойлап тапшы" деп пікірлерін білдірді.