"БАСҚА ҚЫЗ ТАППАЙ ҚАЛДЫҢДАР МА?": Танымал актер Шырынмен киноға түсуден бас тартты (ВИДЕО)

0
10 436

Қазақ актері жалаңаш күйінде сәукеле киіп елді шулатқан қызға ұрысып тастады.


фото: ашық дереккөзден

Белгілі актер Әбунасыр Серіков атышулы Шырын Нарчаевамен түсірілім баысында сөзге келіп қалғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Комедия жанрының шебері аталып кеткен әртіске Шырынның әрекеттері шамына тиген көрінеді. Тіпті, ағалық ақылына құлақ аспаған қызбен бір киноға түсуден бас тартып, қолын сілтеп кетіп қалды.

Қазақтың ұлттық нақыштағы киімін қорлап, видео жариялаған Шырынды отандық режиссерлар "Аташка на Хайпе" атты киноға түсуге ұсыныс білдірген. Ал, дәл сол түсірілім барысында болған Абунасыр Серіков Шырыннан мән-жайды сұрамақ болған.

"Осы сендер не түсіріп жүрсіңдер? Тәрбиесі бар жақсы нәрселер түсірмейсіңдер ма? Қаншама халық қарап отыр ғой оған. Кішкене адамда ұят болуы керек қой . Қазір міне, осының өзінде сен мені сыйламай отырсың. Жасымды сыйламайсың ба, ең болмағанда? Ал, сендер жақсылап тұрып түсіріңдер. Тәрбие беретін нәрсені. Адам деген кішкене сыйлау керек қой. Басқа қыз таппадыңдар ма не? Өздерің ойнап алыңдар онда", - деп эмоцияға ерік беріп, қолындағы қағазды бір сілтеп, лақтырып кетіп қалды актер.

Жалпақ жұрттың пікіріне пысқырмаған Шырын Нарчаева бұл жолы да қымсынбаған секілді. Танымал өнер адамына қарсы сөйлеп, түсірілім алаңын тастап кетуге себепші болды.

"Сіз білесіз бе? Сіз өз жасыңызға лайықты өмір сүресіз, ал, мен өз қатарыма қарай жүремін. Сіз мені талқылауға қандай құқығыңыз бар. Мен сізбен ұрысып тұрғаным жоқ, Мен "сіз" деп сыйлап тұрмын. Жоқ, таппады. Өйткені, мен ғана ""нормальная", - деді Шырын Нарчаева.




Ал, дәл осы видеоны көрген көрермендердің көпшілігі Әбунасыр Серіковты қолдап отыр. Ал, біразы бұл да кезекті хайп па деп қорқады.

"Бұл шындық болса, орнымнан тік тұрып қошеметтейтін едім", " Жарайсыз Абеке, нағыз жігіттік жасадыңыз", "Барлық түсірілім тобын жақсы танимын. Бірақ, Абеке нағыз еркек", "Мынаның өзі хайп сияқты ғой", - деп оқырмандар пікір білдіруде.

ERNUR.KZ