​«Басып озамыз деп оңбай қалдық»: Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады

0
1 413

«Алла осындай сабақ беріп, сынап қояды»


​«Басып озамыз деп оңбай қалдық»: Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады


«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев Сарыағаш қаласына барар жолда апатқа ұшырады. Бұл туралы әншінің өзі «Инстаграм» парақшасында мәлімдеді.


«Жолда сақ болыңыздар! Сарыағашқа келе жатыр едік. Бір Алла қақты, әсіресе анау машинаға обал болды. Бәрі жақсы болсын, бәле-жаладан сақтасын! Абай болыңыздар, асықпаңыздар, жол тар, бір-бірімізді басып озамыз деп оңбай қалдық, осындай жағдай орын алды. Аман қалғанымызға шүкір» деп жазды Сәкен Майғазиев.


Әншінің өміріне алаңдап, көңілін сұраған тыңдармандар өте көп болды.


«Тілектес жандарға мың алғыс! Шынында осындай оқиға орын алды. Ең бастысы аманбыз. Сарыағашқа барып ән кешімізді өткізіп, салтанатты тойға қытысып, аман-есен Шымкентке оралдық. Алла осылай сабақ беріп, сынап қояды, аман болайық!» деді Сәкен әнші.