​«Баяны құрысын!»: Актер Дәнекер Оразбай Баян Мақсатқызына қатысты ойын айтты

0
751

«Ол жақта «өркештер» жарысы болды»


​«Баяны құрысын!»: Актер Дәнекер Оразбай Баян Мақсатқызына қатысты ойын айтты

Танымал әзілкеш, «Нысана» театрының белді актері Дәнекер Оразбай белгілі продюсер Баян Мақсатқызының мерейтойы жайлы әзіл видео түсіріп, елді бір шулатты. Әртістің көлік айдап келе жатқан сәтін әйелі жасырын видеоға түсіріп алған.


«Зымырап жатқан уақыт ше, еш нәрсеге уақытың жетпей ма, бірдеңе. Адамдардан да ұят боп кетті. Баян әпшені айтсайшы, ұят болды. Туған күніне бара алмадық қой. Әжептеуір хабарласып, «Дәнеша, келінді алып туған күнге өтесің ғой, қалма» деп еді. Ұят болды» деп әзілдеді Дәнекер Оразбай.


Артынша әйелінің видеоға түсіріп жатқанын байқап қалып, «Е, түсірмесей, е! Қайдағы Баян?! Баяны құрысын е, шшш... Баян әпше деп мен де... Жұрттың бәрі сол жерде жүр, біз-ақ қалып кетіппіз ғой. Бәрі тойлап жатыр, ал біз бала-шағаның қамы үшін ЦОН-ға кетіп барамыз» деп күлді танымал әзілкеш.


Дәнекер Оразбайдың бұл әзіліне желі қолданушылары да өз пікірлерін білдірді. «Ол жақта «өркештер» жарысы болды», «Бізге де айтып еді, көкірегі ашық көйлегіміз болмай, бара алмадық», «Байқа, Дәнекер, Баян әпшең боқтағаныңды естіп қалмасын, бәле болады», «Баян саған не қылды, құрысын деп соншама» деп жазды көпшілік.