«Бетінен де, ернінен де сүйіп кететін қыздар болды»: Тоқтар Серіковтің жары қызғаныш сезімі туралы айтты

0
1 741

«Тоқтарға келген хаттарды бірге отырып оқитынбыз»


«Бетінен де, ернінен де сүйіп кететін қыздар болды»: Тоқтар Серіковтің жары қызғаныш сезімі туралы айтты

Қазақ ән өнерінің мақтанышы Тоқтар Серіковтің жары, белгілі әнші Бейбіт Сейдуалиева «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» бағдарламасында сұхбат берді. Әнші карантинде отбасымен сақтық шараларын сақтап, үйден шықпағанын айтты. Себебі, өнерден басқа жол жасайтын компания, басқа да ұсақ кәсіптері бар екеніне тоқталды.

Ал елімізге белгілі жұлдызды жұптың қалай табысқаны туралы: «Бізді табыстырған, қол ұстастырған, ерлі-зайыпты қылған – өнер. Өнер арқылы біздің бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз ұлғая түсті. 7 жыл қол ұстасып жүрдік. Біз үшін бірінші орында өнерде карьера жасау керек болды. Сол мақсатпен қол ұстасып жүрдік. Үйленуге асықпадық. Небір өсектер болды ғой.

Екеумізге де хат жазатын. Тоқтарға келген хаттарды бірге отырып оқитынбыз. Ол да, мен де өнер адамымыз. Менің де артымнан жүгіріп, тіпті, Тоқтардың өзінен барып сұраған күндер артта қалды. Онда тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлаймын. Елдің алдында түзу жолмен жүрдік. Тоқтардың артынан жүгірген, бетінен де, ернінен де сүйіп кететін, жағасын жұлып әкете жаздаған қыздар болды. Өнерде бәрі болады. Қызғана берсең ешнәрсе қалмайды. Сыйластық та қалмайды. Ашуға ерік беріп қоясың. Адам өзін ұстай білу керек, - деді әнші ағынан жарылып.

Сонымен бірге жары Тоқтар Серіковтің көрімдікке бір ат мінгізіп те жіберетінін айтты.

Қазіргі жастардың ішінде теріп алатын әншілер бар. Қазақтың атын шетелде шығарып жүрген Димаштың алдында басымды ием. Қазіргі көп жастарды теледидардан көргім келмей, сөндіріп қоямын. Өте арзан әндерді айтады. Олар бір-екі жылда өшеді. Ал Димаш мәңгілікке кетеді, - деді Бейбіт Сейдуалиева.