"Бір ай күттіргенің есіме түссе зығырданым қайнайды": Сәкен Майғазиев жастық шағынан естелік жариялады

0
3 022

Жастарға үлгі болар бақытты, иманды, тәрбиелі отбасы.


Белгілі эстрада жұлдызы, атақты "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Динарамен жас кездеріне түскен суретін жүктеп, жазба қалдырған.

Мұндай естелігімен танымал әнші жан жарымен бірге мәңгі бірге болып, қартайғанда қызықтап еске алып отыруды ниет еткен.

"Жүзге жеткен шалы кемпіріне қатуланып қарап: -Қыз кезіңде көпке дейін қарамай қойғаның есіме түссе қысымым көтеріліп, ашуым келеді,- деген екен. Қасымдағы қыздан "Иә" деген сөзді 4 апта күтіп, жауабын алып жадырап отырған кезімізден бір сурет. Жүз жас болмасада сексеннің сеңгіріне шыққанда "Бір ай күттіргенің есіме түссе зығырданым қайнайды", деп бір ашуланып қоюды АЛЛА тағала нәсіп етсін", - деп жазады өнер иесі.

Ал желі қолданушылары бұл жазбаны өте жылы қабылдап, әншінің отбасы үлгі тұтарлық жандар екендігін жарыса жазды.

Өз кезегінде оқырмандар Сәкен Майғазиев пен жұбайына деген ыстық ықыластарын білдіріп, ізгі ниет-тілектерін жаудырған.

"Бақытты болыңыздар!", "Əдемісіздер! Керемет жарасымды жұп!", "Керемет! Махабаттарыңыз мықты ,мәңгілік болсын! Жастарға үлгі болар бақытты, иманды, тәрбиелі отбасы. Ұзақ бақытты, баянды ғұмыр тілеймін!", "Сіздей ел ағасына 4 апта қарамай жүрген ерке сылқымға шыдаған сізде мықты екенсіз", - деп жазады желі қолданушылары.

ERNUR.KZ