​«Бір айналып кел»: Қайрат Нұртастың кіші інісі бейтаныс адаммен төбелесіп қалған

0
745

«Арыз жазатын боп кетті»


​«Бір айналып кел»: Қайрат Нұртастың кіші інісі бейтаныс адаммен төбелесіп қалған

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас қоғамдық орында бір азаматпен төбелесіп, саусағын сындырып алғанын айтты.


«Көбісі маған «қолыңа не болды» деп жазып жатыр. Осы теманы жаба салайыншы. Бір жерде отырғам, жаныма бір жігіт келді де, «бес мың теңге қолма-қол берсең, мен сенің «каспиіңе» жіберемін деді. Ақшаны алған соң уәде еткен ақшаны салмады. «Жіберсей ақшаны» деп едім, «бір айналып кел» деді. Содан төбелес басталды, саусағымды сындырып алдым» деп жазды әншінің інісі.


Төбелестен кейін де әлгі жігіт уәде еткен 5 мың теңгені салмапты. «Өмірді сүре берсең, көре бересің. Ақша сол күйі қайтқан жоқ, «заявление» жазам деп кетіп қалды» деді Заңғар Нұртас.