"Бір қайыры болатын шығар": Ерке Есмаханның жұмыссыз қалғаны рас па?

0
4 766

"​Осы жылдан бәрі үміт күтіп жүр ғой​".


Ерке Есмахан жұмыссыз қалды ма деген сұрақ әлеуметтік желі оқырмандарының қызығушылығын оятып қойды. Оған себеп әншінің осы жылы әлеуметтік желіге жазған алғашқы жазбасы себеп болған.

"Мінеки, 2021 жылғы алғашқы фото мен пост алдарыңызда.
Жаңа жыл қалай басталып жатыр? Жақсы жаңалықтарға толы болсын!
Менде бәрі шүкір, жағымды жаңалықтарым көп. Бірақ әлі жұмыс жоқ, бір қайыры болатын шығар деп сабырмен жүрміз.
Осы жылдан бәрі үміт күтіп жүр ғой, сол үміт ақталсын. Пандемия бітіп, маскалар шешіліп, беймарааал кезең басталсын. Әумин!
" - деген әнші.


Оның бұл жазбасына біреулер "Әншілер карантинде жұмыссыз қалғаны рас қой!" десе, тағы бір оқырман "Киімеңе қарасам, жұмыссыз адамға ұқсамайсың" деп сөзбен түйіріп қалған.

Ал оқырмандардың басым бөлігі Еркенің жұмысынан да, киімінен де бұрын оның жаңа махабатты туралы жазыпты. "Киім стилің де Эйзи болып тұр", "Эйзимен бақытты бол! Қуаныштымыз" деген пікірлердің шегі жоқ.