«Бір шалбар, бір көйлекті тастамай кидім»: Досқан Жолжақсынов жас кезіндегі естелігін айтты

0
1 240

Әпкелерім «Досақан басыңмен баяғыда көрген кедейшілігіңді айта бересің» деп ренжиді.


«Бір шалбар, бір көйлекті тастамай кидім»: Досқан Жолжақсынов жас кезіндегі естелігін айтты

Танымал театр және кино актері, кинорежиссер Досқан Жолжақсынов өмірлік естелігімен бөлісті. Айтуынша, ол Алматыға бір көйлек, бір шалбармен келіп, студент кезінде сол киіммен шыққан. Кедейшілік пен жоқшылықты көп көрген.

Ал желідегі оқырмандар: «Өткенін, көрген қиыншылығын ұмытпай айтып жүретін адам болашаққа да байыппен қарай алады. Қазақ Аяз биді босқа үлгі тұтпайды ғой. Керісінше, бұрынғы кедейшілігіне намыстанып, тұмсығын көтергендер өзгеге көмектесе де алмайды. Қазақ оған да «өзі болған қыз төркінін танымас» деп түйін жасайды емес пе?», «Ол кезде бәрі бірінің киімін бірі киіп өсті ғой», «Қандай тамаша, ыстық естелік. Аман болсын Досқан ағамыз!» деп жазды.