"Бір ұрып талдырса сөзіңе жауап бере алмай қалма!": Қайратты ақсүйек деп сынағандарға анасы жауап берді

0
4 964

Халықтың сүйікті ұлы Қайратты бұрын "дауысы жоқ" деп сынаса, енді оны ақсүйектеп жазғыратындар табылыпты. Бірақ оларға әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жауап берді.


Халықтың сүйікті ұлы Қайратты бұрын "дауысы жоқ" деп сынаса, енді оны ақсүйек деп жазғыратындар табылыпты. Бірақ оларға әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жауап берді.

Әлеуметтік желіге Қайраттың жаңа бейнебаянының түсірілімінен видео жүктеген Гүлзира ханымның жазбасына оқырмандары "Осы Қайрат боксқа бару керек. Әйтпесе, беті қыздай болып кеткен. Бокс пен шұғылданса бетіне бір-екі соққы тисе жігіттің бетіндей. Беті таяқ жемеген ғой. Ақсүйек болып кеткен, қыздың беті ұқсап тұрады. Боксқа бару керек 5-6 ай. Беті қыздардыкіндей, жігіттерге ондай болған болмайтын сияқты...", "Бетті әдемі ғой. Бірақ жігітке бек әдемі болған керек емес сияқты. Ужс болмаса да жігіттердің беті сияқты болуы керек. Қайрат ақсүйек қой..." деген сықылды пікірлер қалдырған.

Олардың біріне Гүлзира ханым әзілмен "Сен ағаларыңмен не болмаса жігітіңмен төбелестіріп көрсей. Сосын айтасың. бір удармен талдырып тастаса сөзіңе жауап бере алмай қалма. Нең бар жұрттың Қайрошында" деп жауап беріпті. Продюсер ханымның бұл тапқыр сөзіне тәнті болған оқырмандары оған қолдау білдіріп, бұл сияқты болмашыға жүйкеңізді құртпаңыз деп ақыл берді.

Фото: @gulziraaidarbekova

ERNUR.KZ.