«Біздің ел сондай болмаған соң»: Америка көрген Ғазизхан Шекербеков елге келген соң ашуланып жүргенін айтты

0
3 312

«Мәдениеті мықты»


«Біздің ел сондай болмаған соң»: Америка көрген Ғазизхан Шекербеков елге келген соң ашуланып жүргенін айтты

Белгілі әнші Ғазизхан Шекербеков Америкадан алған әсері жайлы «Түнгі студия» бағдарламасында айтты. Әншінің айтуынша, ол АҚШ-қа Мейрамбек Беспаев ағасының арқасында барып қайтыпты. Өйткені, шақырту Мейрамбек Беспаевқа келген екен. «Америкадан бұрын бала кезден теледидардан көріп, еліктеп өскен Мейрамбек Беспаевтың қасында жүргенімді бақыт санаймын. Мейрамбек ағам – менің университетім», - деп ағынан жарылды әнші.


Естеріңізде болса, қос әнші наурыз айында гастрольдік сапармен шетел асып қайтқан болатын.


– Ағамыз екеуміз барымызды салдық. Америка деген сөздің өзі ұнады. Қай жерде концерт қоюға да дайын болдық.

Нью-Йорк қаласында зәулім үйлер, биік ғимараттар көп екен. Арасында көліктер толып жүр. Қасымдағы жігіт: «Байқасаң, көлік қанша көп болса да қалада сигнал бермейді» деді. Қала қатты шулы емес. Көліктер тыныш қана кетіп барады. «Неге?» деймін. «Бұл жақтың мәдениеті сондай. Алдындағы көлікке сигнал беріп, көшедегі басқа адамның миын ашытпау керек. Тоқтап тұрса күтеді. Бір-бірін басып озбайды» деген жауап алдым. Сосын елге келдім. Кейде мен де бағдаршам жанғанда жүріп үлгермей қаламын. Артымда тұрған көлік барынша сигнал берсе үрке қарап. Бала кезімнен сигнал бермейтін адам құсап. Сигналдарды естіп қазір «Не сендердікі?!» деп ашуланып жүрмін.

Одан соң ол жақтың мюзиклдерін тыңдап, көріп, «Не істеп жүрміз?» деп ойладық. Бізге көп іздену керек, - деді әнші.