«Біздің кезімізде күнделік толтыру мода еді ғой...» : Айнұр Тұрсынбаева балалық шағының ностальгиясымен елді елеңдетті

0
1 193

«Қыздар түгілі ұлдар да толтыратын еді...»


«Біздің кезімізде күнделік толтыру мода еді ғой...» : Айнұр Тұрсынбаева балалық шағының ностальгиясымен елді елеңдетті

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева инстаграмда балалық шағының естеліктерімен бөлісті.

Біздің кезімізде күнделік толтыру мода еді ғой... Не деген адалдық деймін да... Балабақшада жүрсек жарайды ғой, дап-дардай 8-9 оқып жүргенде де толтырдық соны...Сұрақтарды айтсаңызшы..
"Сен ұнататын адамның алғашқы әрпі!"
"Класстағы саған ұнамайтын баланың бірінші әрпі"
"Класста кімнің қасына отырғың келеді?"
Қыздар түгілі ұлдар да толтыратын еді...
Күнделікті толтырып болған соң соңына
"Өмір деген қызық қой,
Қызық жерін сызып қой."

"Достық деген жерін шарайна,
Сындырып алма жарай ма?!"


Немесе :
"Кешіре алсаң кешір,
Өшіргішпен өшір.
Өшіргішпен өшпесе,
Достық үшін кешір" деп өлеңдететін едік.
Кейбір күнделікті толтырып отырып жылады деп ойласын деп су тамызып қоятын қыздар да болатын
, - дейді А.Тұрсынбаева.

Сондай-ақ ол «ойлаңызшы, қазір 8-ші класстың қызына осындай сұрақтармен күнделік толтыр десең бетіңе лақтырады ғой. Сонда біз кеш дамыдық па, жоқ қазіргілер ерте есейіп жатыр ма?» деп оқырмандары сауал тастады.

Ал желі қолданушылары өнер өкілі жазған бұл постқа естелік комментарийлерін қалдырды.

«Ия, Ностальгия...Сердце не камень, кровь не вода.Парень поцелует это не беда» деп жазып, жүрек салып, оған жебе қадап қоятын едік қой...»,

«5-6 сыныптарда анкета толтыратын едік қой. Кета, кета, кета, открывается анкета» деп бірінші бетіне жазып қоятын едік»,

«Ия, ол кезде цытаты деген бар еді. М+А=дос деп жазатын едік» деген сияқты пікірлерімен бөлісті.