Бір-біріне сезімін білдірген қарттарға күлген қызды желі қолданушылары ұрсып тастады

0
6 577

Желі де қарт кісілердің бір-біріне деген мейірімі көрініс тапқан видео пайда болды. Оны фейсбук әлеуметтік желісіне Хамза Коктанди есімді қолданушы жүктеп төмендегідей жазба қалдырды.

Хамза Коктанди: "Жарықтарым-ай! Көз жасының бір түйір тамшысындай өмірлері қалғанын біледі. Мөлт ете қалайын деп тұр. Сонда да бір-біріне деген қимастық! Жақсы жар күйеуіне иттей адал болады деген. Қасында жатайыншы дейді... Сол жерде өлуге риза. Ана тырқылдақтар әлі түкті түсінбейді ғой. Иманды болыңдар!".

Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары видеоға түсіріп тұрған адамды сынға алып, "Неменеге мәз", "Естідім. қолынан сүйіп кемсеңдеп жатыр. Өмірлері өтіп бара жатқанын сезіп,кезінде қандай болғаны көз алдына келіп,өзегі өртенуде. Қосағымен қоса ағарған қарттар екен. Енді қор қылмауын тілеп,жандарын аққа ұсынып отырған,бұйрықты мойынұсынып күтуде. Қиын сəттер. Жүрегім шымырлап кетті. Түсіріп жүргендерге қарным ашыңқырады....", "Бір жағынан дұрыс та шығар...естелікке....домашний архивке....неге интернетке салған....", "Салмау керек еді, қазіргі ауруғой не болса соны салады интернетке" деген пікірлер қалдырған.

Видео жазбаның қай аймақта түсірілгені белгісіз. Бірақ жазбадан қарттардың бір-біріне деген шынайы махаббатын, қимастығын көруге болады.

Фото-видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ