"Бұл әзіл емес": Димаш Құдайберген маңызды мәлімдеме жасады

0
2 156

"Бұл вирусты жеңетінімізге сенемін, себебі бәрі де өткінші".


Танымал әнші Димаш Құдайберген барлық жанкүйерлерін коронавирус індеті кезінде үйден шықпау керектігін айтты. Өнер иесі бейнеүндеуін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.

"Мен сіздерді қатты сағынып, видео жазуды шештім. Өтінемін, үйден шықпаңыздар. Бұл әзіл емес, өте күрделі жайт, үйден шықпаңыз. Бұл вирусты жеңетінімізге сенемін, себебі бәрі де өткінші. Мен оған сенемін, мен сіздерге сенемін, өздеріңізді қорғап жүріңіздер. Біз үйде отыруға тиіспіз.

Сіздерге денсаулық тілеймін. Бүкіл әлемге келген ауыр індетті алдын алу мақсатында атқарылып жатқан барлыш сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамын, - деді Димаш.


Димаш бұл видеоны үйде, Қазақстан елордасында жазып отырғанын, үйде інілерімен Play station ойнап отырғанын айтты.