Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ажырасқандарын мәлімдеді

0
3 119

Олардың 1 ұл 1қызы бар.


Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ажырасқандарын мәлімдеді

Актер Дәурен Айдарқұлов пен әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ажырасқандарын мәлімдеді. Бұл туралы Дәурен мен Ақбота әлеуметтік желідегі өз парақшаларында жазған.

"Төрт жыл бұрын "Гламур для дур" фильмінің кастингінде Ақботамен танысу менің өмірімнің түбегейлі өзгеруіне себеп болды. Енді міне 4 жылдан кейін, өкінішке орай біздің қарым-қатынасымыз соңына жетті. Біз ажырасамыз. Ажырасу себебін жария етпейміз деп шештік. Біз барлық күшімізбен некемізді сақтап қалуға тырыстық. Екеуміз жақсы қарым -қатынаста қала береміз, бір-бірімізді құрметтейміз. Аллаға және Ақботаға балаларым үшін рахмет!", - деп жазады Дәурен Айдарқұлов.

Ақбота да бұл жаңалықты парақшасында жариялап, некелерінің заңды түрде тоқтатылғанын растаған.

"Кеш жарық, достар.!
Соңғы күндері менің отбасылық жағдайыма алаңдаушылық танытып сұрап жатқан жүректеріңізден айналдым. Ия, Дәуренмен ара-қатынасымыз заңды түрде тоқтады ❗️Ендігі жерде ешкімді кінәлап, біреуді даттаудың керегі жоқ шығар. Саналы түрде осындай шешімге келдім. Бір басыма жетерлік өмір сынақтарынан өтіп жатырмын, алда не күтіп тұрғаны да беймәлім. Айтарым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, қалғАны тағдырдың жазғаны. Елдегі жағдайды көріп отырсыздар, менімен жағаласқанша өз өмірлеріңізге, денсаулықтарыңызға көңіл бөліңіздерші!" - деп жазады Ақбота.

Айта кетейік, Ақбота-Нұр Дәурен Айдарқұловтың екінші жары. Актердың бірінші некеден 3 баласы бар, ал Ақботамен отбасында бір ұл мен бір қызы бар.