«Диета KZ» тобының әншісі Шымкенттің бас дәрігерінің әйеліне сәлем жолдады

0
3 887

«Оның әйелiне «байының любовницасы бар және телефонын тексерсiн» деп жеткізе салыңдаршы!»


«Диета KZ» тобының әншісі Шымкенттің бас дәрігерінің әйеліне сәлем жолдады

«Диета KZ» тобының әншісі jbazarbaev инстаграмдағы парақшасында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловқа инстаграм арқылы сәлем жолдады. Естеріңізде болса, үшінші мегаполистің бас дәрігері бір апта бұрын ер адамдарды екпе алуға ерекше әдіспен шақырған болатын.

«Сізді жансақтау бөлімінде жатқызған кезде біз заттарыңыз бен телефоныңызды әйеліңізге береміз. Ол барлық көңілдесіңіз туралы білетін болады. Сондықтан мұндайға жол бермес үшін вакцина алыңыздар», - деп жазды Бақытжан Позилов Іnstagram және Facebook парақшаларында. Кейін басқарма басшысы әлеуметтік желілердегі бұл жазбасын өшіріп тастады. Бірақ тұрғындар оны суретке түсіріп үлгерген, енді ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатыр.

Бұл жазбаны эстрада әншісі Жасұлан Базарбаев та оқыған екен.

«Та-дам дышш. @nurbolkhan_sharap Та-дааам!
Наконец-то, кесте бойынша келемiз. Жазда, маусым-шiлде айларында осы тiзiмдi шығарып жүргенiмiзде хренов фактчекерлер сказка айтпаңдаршы деп еді.

Цирк бiткен жоқ, жалғасады!
Жақында Шымкенттiң бiлiктi деймiз бе, сауатсыз деймiз бе, әлде, клоун маманы деймiз бе, "Сендер ауырып жатқанда телефондарыңды әйелдерiңе беремiз. Ал, әйелдерiң көңiлдестерiң бар екенiн бiлiп қояды. Сол үшiн вакцина алыңдар!" деп лақты. Ол ойлайды-ау дим, қазақстандағы барлық еркектердiң көңiлдестерi бар деп. Демек, оның әйелiне жеткiзе салыңыздаршы мына постты, байының любовницасы бар және телефонын тексерсiн деп»
деген жазбасымен бөлісті.