Димаш 26 жасқа толды: Норвегиялық тыңдармандар әншіге ерекше құттықтау жасады

0
985

Бұл видеоролик әлеуметтік желіде жарияланды.


Димаш 26 жасқа толды: Норвегиялық тыңдармандар әншіге ерекше құттықтау жасады

Бүгін, 24 мамырда аты әлемге әйгілі қазақстандық әнші, сазгер, мультиинструменталист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайбергеннің туған күні.

Димаш Құдайберген кішкентай кезінен сахнаға шығып, әсем әндерімен көрерменнің жүрегін жаулаған. Бүгінгі таңда ол елімізге ғана емес, әлемге танымал әнші. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі оның жанкүйерлері әндерін тыңдап, шығармашылық жолын назардан тыс қалдырмайды.

Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбеде әнші Света мен Қанат Айтбаевтардың отбасында дүниеге келді. Ол ата-әжесінің тәрбиесінде болған.

Оның шығармашылық жолы бала кезден басталды. Сахнада ән айтып, фортепианода ойнап, әртүрлі байқауға қатысқан.

2000 жылы, 6 жасар кезінде республикалық «Айналайын» балалар байқауында «Фортепиано» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленген.

Жас әнші алты октаваны қамти алатын вокалдық кең диапазонымен ерекшеленеді.

2015 жылы ол Витебскте өткен «Славян базары» халықаралық байқауына қатысып, бас жүлде иеленді.

Димаш Құдайбергеннің норвегиялық тыңдармандары әншінің туған күніне арнап музыкалық бейнеролик жасап шығарды. Бұл видеоролик Facebook-те жарияланды.