"Димаш екі рет жаңылыспаған болар": Тыңдармандар Димаштың жаңа бейнебаянын тағы да сынады

0
1 006

Әншінің жаңа бейнебаяны өзінің жеке YouTube арнасынанда жарияланды.


Әнші Димаш Құдайбергеннің «Біл» ("Знай") әніне түсірілген жаңа бейнебаяны жарияланды. Әннің сөзін Михаил Гуцериев, музыкасын композитор әрі продюсер Игорь Крутой жазған, режиссёр Алан Бадоев таспалаған.

Бейнебаянның YouTube арнасынана жүктелгеніне бір күн болған жоқ. Дегенмен, оны қазірдің өзінде 14 мыңнан аса көрермен тамашалап үлгерген.

400-ге жуық көреремен ендігі бейнебаянды көрген кездегі әсерлерімен бөлісіпті.

Жазылған пікірлерден жаңа туынды көпшілігінің көңілінен шықпағаны көрініп тұр. Олар "Бұрынғы бейнебаянға ұқсайды", "Көңілсіз клип", Бишілер зомбилер секілді" деген пікірлер жазған.

Ал, бұл пікірлерге қарсы шыққан тыңдармандары болса "Жағымсыз пікірлеріңізді жиыстырып қойыңыздар. Сіздер бұл пікірлеріңізбен Димаштың өзіне баға беріп жатырсыздар. Себебі, режиссерді де, сценарийді де Димаштың өзі таңдаған. Бірінші бейнебаянды да Бадоев түсірген. Димаш екі рет жыңылыспас болар. Ол әннің мығынасын сізден артық түсініп, осындай дүние түсірген шығар. Мүмкін, сіздер түсінбей отырсыздар" деп, Димашты қолдау керектігін жазды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Димаш «Біл» (Знай) әніне жазылған жаңа бейнебаянның үзіндісін жариялаған болатынбыз.