Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атануы мүмкін

0
4 370

Дауыс беру 2019 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады


Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атануы мүмкін

TC Candler тәуелсіз сарапшылары қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді халықаралық сұлулық байқауында "Ең әдемі азиялық тұлға" номинациясына ұсынды. Бұл туралы байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасынан белгілі болды.

Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн дауыс беру арқылы таңдау жасай алады. Ол үшін Instagram-дағы tccasia_officia ресми аккаунтына жазылып, қатысушы туралы пікір қалдырады (тек бір қатысушы) және лайк басады. Дауыс беру 2019 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.

Жазба жарияланғаннан кейін шамалы сағаттардан кейін-ақ жанкүйерлер талаптарды жылдам орындап, әншіге жарыса пікір жазуға кіріскен.

"Димаш Құдайберген - ең сымбатты жігіт, сүйкімді, әлемдегі ең жақсы дауыс, таза жан, ерекше талантты және тартымды адам", "Димаш - Жаратушы берген талант! Димаш - Құдай берген дауысы! Димаш - Құдай берген сұлулық! Димаш - Құдай берген тартымдылық! Димаш - Қазақстан мен оның халқының бейнесі мен мақтанышы", "Ең сымбатты. Қазақстанның мақтанышы, жас екеніне қарамастан құрметке ие! Құдай берген еңбек пен талант", " Димаш - нөмір бірінші жұлдыз! " - деп пікір қалдыруда оқырмандар.