Димаш Қытайда жүрегін қалдырды (видео)

0
6 742

Димаш әлемді тағы да таң қалдырды.


Димаш Қытайда жүрегін қалдырды (видео)

Димаш Құдайберген Қытайдың Хайнань қаласында өтіп жатқан кинофестивальде "Титаник" фильмінің саунтрегін орындап әлемді тағы да таңдай қақтырды.

Алдымен қызыл кілемді жүріп өткен қазақ баласы, Халықаралық фестиваль өтіп жатқан қалаға өз қолтаңбасы мен жүректің бейнесін қалдырды. Димаштың өнеріне тәнті шығыс елінің оған деген ықыласы да ерекше екені байқалады.

Одан кейін фестивальге арнайы шақырылған Димаш Құдайберген шараға қатысушыларға атақты "Титаник" фильмінің саунтрегі, Селин Дионның «My heart will go on» әнін тарту етті.


Димаштың талантына таңдай қаққан көпшілік оның видеосын желіде жарысы бөлісіп жатты. Сонымен қатар, бұл фестивальде аңызға айналған Джеки Чан, америкалық актер Николас Кейдж, француз актрисасы Изабель Юппермен қатар, әлемге танымал жүзден аса атақты жұлдыздар қатысты.

ERNUR.KZ