Димаш өзін таңғалдырған арудың видеосын жариялады (видео)

0
3 608

"Бұл қыз маған өте қатты ұқсайды", - деді әнші.


Димаш өзін таңғалдырған арудың видеосын жариялады (видео)

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына өзін айнытпай салған әнші қыздың видеосын жариялады. Телевизиялық шоуда өнер көрсеткен қыз Sos D'un Terrien әнін орындаған.

"Өте қызық пародия. Бұл қыз маған өзімнен де қатты ұқсайды. Өте керемет орындаған", - деп жазды әнші.

Димаш Құдайбергенге пародия жасаған шоу Your Face Sounds Familiar (Сенің түрің таныс) телевизиялық жарысының моңғолдық нұсқасы. Ал Sos D'un Terrien композициясын нақышына келтіріп шырқаған ару Халиун Баатарджав есімді моңғол әншісі екен.

Дәл осы шоудың қазақша баламасы «Хабар» арнасы арқылы көрерменге ұсынылған «Жұлдызды дода. Звездные войны» бағдарламасы болған.


ERNUR.KZ