​Димаш «Россия 1» арнасының жаңа жылдық бағдарламасына түсті

0
1 615

«Россия 1» арнасының жаңа жылдық түсіріліміндеміз» деп жазды ол парақшасында.


​Димаш «Россия 1» арнасының жаңа жылдық бағдарламасына түсті

Әлемді дауысымен таңғалдырған Димаш Құдайбергенов Ресейдің «Россия 1» арнасының жаңа жылдық бағдарламасына түсіп жатыр.

Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

«Россия 1» арнасының жаңа жылдық түсіріліміндеміз» деп жазды ол парақшасында.

Әдеттегідей, Димаштың жазылушылары ақ тілектерін арнап, пікір қалдырысты. Арасында Димашты шетелден қызғанатынын жеткізген, «Күшті! Посткеңестік және ресейлік эстрадағы ең үлкен бетбұрыс!» деп пікір қалдырғандар да бар.

Тіпті, Димаштың қазақша жазған сөздеріне түсінбейтінін, әзірге қазақ тілін үйреніп жүргендіктерін, оған дейін орысша аудармасын да қоса жазуын өтінген желі қолданушылары болды. Барлығы да Димаш түскен ресейлік бағдарламаны көруге асығатынын жеткізуде.


ERNUR.KZ