Димашты Өзбекстандағы жанкүйерлерлері ерекше ілтипатпен қарсы алды

0
1 466

Бүгін Димаш Құдайбергенов Өзбекстан сахнасында ән шырқайтын болады.


Димашты Өзбекстандағы жанкүйерлерлері ерекше ілтипатпен қарсы алды

фото: ашық дереккөзден

Жарты әлемді ауызына қаратқан Димаш Құдайберген бүгін Ташкент сахнасында ән шырқайды, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Әнші Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына өзге қазақ өнерпаздарымен бірге өнер көрсетеді. Бұл туралы Инстаграмдағы Димаштың фанпарақшаларындағы концертке дайындығынан байқауға болады.

Көршілес өзбек ағайын қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызын ерекше ілтипатпен қарсы алды. Ұшақтан түскен бойдан ас атасы нан ұсынып, гүл шоқтарын табыстады.


Айта кетейік, Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу сатанатына елімізден Президент бастаған бір топ делгация аттанды. Екі ел Президенттерінің алдында Димаш Құдайбергенмен бір сахнада Майра Мұхммедқызы, Әміре және тағы дасқа жұлдыздар өнер көрсетеді.


Концерт Ташкенттегі "Халықаралық Форумдар Сарайында" өтеді. Аталмыш концертке тек қана мемлекеттік қызметкерлер қатысады.

Видео: You Tube

ERNUR.KZ