"Димаштың анасының мақтанғанын көрмедік": Роза Рымбаеваның сөзі көпке жақпай қалды

0
19 572

"Алматыда Әлидің концертіндей кеш әлі болған жоқ"


9 қараша күні Алматыдағы Республика сарайында Әли Оқаповтың "Bile" атты жеке ән кеші өтті. Бұл - Әлидің Алматы жұртшылығына арналған алғашқы жеке концерті. Ол екі сағат бойы оңтүстік астананы жанды дауыста айтылған әнімен көмкеріп, әсем биімен баурай білді. Әли Оқапов былтыр "Bile" деген аптпен Елордада есеп берген болатын.

"Алматыда Әлидің концертіндей кеш әлі болған жоқ. Осы мағынада, осы стилде. Фонограммамен аузын жыбырлатып тұратын бізде концерттер көп. Бұл ондай кеш емес. Бұл оркестрмен, балетпен және жанды дауыспен айтатын жұмыс, - дейді әншінің анасы Роза Рымбаева.

Роза Қуанышқызы алғашқы уақытта әншілік, композиторлық, бишілік қабілеті қатар дамыған ұлының тек кәсіби музыкант болуын қалаған. Алайда Әли әмбебеп әртіс екенін дәлелдеді.

Бұл кеште әнші 25 әнді орындап шыққан. Концерттік бағдарламының басым бөлігі - авторлық туындылар. Жеке кешінде қос бірдей халық әртісімен дуэт құрып, Диас Аблаев, Сырымбет Еңсепов сынды қатарластарымен қосыла ән шырқаған.

Ұлының концертіне жоғары баға берген Роза Рымбаеваның сөзі желі қолданушыларыны жақпай қалды.

Димаштың анасы "Менің баламдікіндей кеш болған жоқ" деп бір мақтанған емес. Айтпаса да барлығы біледі. Міне, Алла берген Талант осы", "Стадионда бергендей айтты ғой", "Кішкене қарпайым болса халық жақсы көреді ғой. Бұндай концерттің қаншасы болды. Одан да күшіті әрі жанды дауысты", - деген жазба қалдырған.