Димаштың ізімен: қазақстандық әнші "Славян базарында" көш бастап келеді (видео)

0
1 683

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Әділхан Макин 90 ұпайдан 89 жинады.


Димаштың ізімен: қазақстандық әнші

ERNUR.KZ. Беларусьтің Витебск қаласында өтіп жатқан "Славян базары" байқауында қазақстандық әнші көш бастап келеді. Бірінші күннің қорытындысы бойынша Әділхан Макин 90 ұпайдан 89 жинады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жас әртістер 13 шілдеде Михаил Финберг жетекшілік еткен Ұлттық академиялық концерт оркестрінің сүйемелдеуімен жазғы амфитеатрда өнер көрсетті. Конкурсанттар славян композиторларының шығармаларын орындады.

Әділхан Макин "Озеро надежды" (видеода 27 минут) әнін шырқады, әннің сөзі мен музыкасын ресейлік сазгер Игорь Николаев жазған.

Екінші орында 87 ұпаймен Израиль әншісі Илай тұр. Бір қызығы, жуырда ғана байқауда бақ сынаған латвиялық Саманта Тина қазақстандық әншіге де, израильдік әртіске де төмен ұпай қойған.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Украинадан келген Дмитрий Бабак 86 балл жинап, үшінші орынға жайғасты.


Бастапқыда байқауда 18 елдің қатысушылары өнер көрсетеді деп жоспарланған, алайда Словакия мен Кубаның әртістері келе алмай қалды.

Осыған байланысты биыл 16 елдің өнерпазы бас жүлдеге таласады. Шараға алғаш рет Швейцария мен Қытай әншілері қатысып жатыр.

Биылдан бастап байқауға өзгерістер енгізілді: ұйымдастырушылар жартылай финалдан бас тартуды ұйғарған. Әртістердің вокалына Ресейдің халық әртісі Тамара Гвердцители бастаған әділ қазылар алқасы баға береді.

Әділхан Макин туралы не білеміз

Әділхан Макин Болгарияда поп-рок орындаушылар арасында өткен "Сарандев 2019" халықаралық жастар байқауында бірінші орын иеленген.

Бұдан бөлек, былтыр X Factor тележобасына қатысып, финалға дейін жетті.

Қазақстандықтардың жұлдызын жаққан "Славян базары"

Биыл "Славян базары" 8-17 шілде аралығында өтеді. Музыкалық байқауға он сегіз елдің әртістері қатысып жатыр.

Қазақстандықтар халықаралық фестивальде биіктен көрініп келеді. 2011 жылы Әлішер Кәрімов үшінші орын иеленсе, 2015 жылы Димаш Құдайберген бас жүлдені жеңіп алды, ал былтыр Әміре (Ернар Сәдірбаев) бірінші орын алды.