«Дос-Мұқасан өз заманының NINETY ONE-ы»: Өнерге өзгеріс әкелген топтарды салыстыруға келе ме?

0
792

«Екеуінің де шашына тиіскен»


«Дос-Мұқасан өз заманының NINETY ONE-ы»: Өнерге өзгеріс әкелген топтарды салыстыруға келе ме?

Таяуда ғана қазақ өнеріндегі шоқтығы биік бірегей музыкалық ұжымдардың бірі атақты "Дос-Мұқасан" тобының құрылғанына 55 жыл толуына орай көркем фильм жарық көрген еді. Топтың атын арқалаған фильм жарты ғасырға жуық тарихы бар алғашқы ансамбльдің құрылу және қалыптасу хикаясын баяндайды.

Әр түрлі жастағы аудиторияны өзіне баурап алатын отбасылық кинода басты рөлдерде ойнаған актерлер Мақсат Сәбитов, Айғаным Сағынбаева, Нұрғиса Қуанышбайұлы «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болып, фильмге қатысты сұрақтарға жауап берді, түсірілім барысындағы қызықты сәттерін еске алды.

Көрермендердің арасында «Дос-Мұқасан өз заманының NINETY ONE-ы» деген пікір айтылды.



«NINETY ONE қаншама жанкүйерлер жинап, өз заманының өнер саласында революция жасады ғой. «Дос Мұқасан» тобы ашылған кезде де көптеген кедергілерге ұшырады. Өнер идеологияға қарама-қайшы болған заманда аман қалған, топты қанша кедергілер болса да сақтап, әлі күнге дейін достығын сақтап қалған тарихи топ. Мысалы, қазір NINETY ONE-ның шашына, стиліне тиіседі, көп сынайды. Естуімше, өз заманында «Дос-Мұқасанның» да шашына тиіскен», - деді бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев.

Ал желідегілердің бірі «Дос-Мұқасанды ол кезде тұтас ұлт тыңдаған, ал «91» көбі жастар, салыстыруға келмейді, Дос-Мұқасан аңыз болып қалады қашанда» десе, тағы бірі «Иә, иә, екі топ та өз заманында үлкен қарама-қайшылықтарға ұшырап, көп сыналған. Сол жағынан тағдырлас топтар екен» деп жазды.