"Досымның мәйітін жууға баратынымды білмедім": Естелігін жазған Сәкен Майғазиев жұртты жылатты

0
12 362

Сәкен Мағазиев: "Сенің мені бір қолсыз көргеніңді, маған аяушылықпен қарағаныңды қалмадым"- деді, қолы иығынан кесілген досым.


Сәкен Майғазиев өмірде жүрегін ауыртатын жайттарды жазып, елден кешірім сұрады. Кеше ғана өмірден өткен жазушы Аягүл Мантайдың өзіне жазған хатын еске алған әнші, онымен Құдай туралы сөйлесе алмай қалғанына өкінген. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Сәкен Майғазиев: "Бірнеше жыл бұрын дертіне шипа іздеп Қытайға кеткен Абай досым (сыныптасым) ҚАЗАҚСТАНға оралған соң Шымкентке өтіп бара жатып Алматыдағы жан досына (маған) хабарласпастан елге өтіп кетіпті. "Денсаулығыңды сұрап, дидарласып қалатын ек, неге Алматыда бірер күн аялдамадың?" - дегенімде: "Сенің мені бір қолсыз көргеніңді, маған аяушылықпен қарағаныңды қалмадым"- деді, қолы иығынан кесілген досым. Шымкентке келісі апта барам, арғы апта барам деп жүргенімде, досымның мәйітін жууға бір-ақ баратынымды білсем-ші.

Күні кеше ғана бақиға аттанған балғын қыздың @aya.mantay "Аға, сізбен ҚҰДАЙ туралы сөйлескім келеді...", деген хаты есіме түссе жүрегім сыздап қоя береді.
Әрбір күніміз өткен сайын АЛЛА тағаланың құзырына қарай қадам басып барамыз. Күнәхар пендеміз, ұмытшақпыз, әлсізбіз. Алайда, күнәміз таудан үлкен, тастан көп деп АЛЛАдан алыстай береміз бе? Жасарып бара жатқан жоқпыз, АЛЛАның бұйырған бес парызын бұлжытпай орындауға міндеттіміз."РАББЫМ, мен сенің кұлыңмын, сен кешіргенді жақсы көресің, мені кешір" деп ғазиз басымызды сәждеге қоюмыз керектігін айтып үлгермегеніме налимын.
Бір-бірімізді жақсы көрейікші, бағалайықшы, кешірейікші. Мен бәріңізді кешірдім, Сіздер де мені кешіріңіздер! АЛЛА тағала бәрімізді кешірсін"

Оқырмандары да бұл жазбаға ойлы сөздер жазып, өмірдің өткінші екенін жарыса жазған. Олар "Сакен өзің жассың айтқан сөздерін жүректен өтеді дұрыс қазіргі кезде бәріміз бір-бірімізге кешірімді болу керек деп ойлаймын", "Әттең жалған дүние ай. Өзімнің қалай намазға келгенімді есіме түсіп жылағым келіп отыр" деген секілді жүрек қозғар естеліктерін жазған.