Дубайда домбыра тартқан қазақ қызы желідегілерді шулатты

0
1 951

«Бір өзі тұтас оркестр». Қазақ қызы домбырамен Дубай халқын таң қалдыруда.


Дубайда домбыра тартқан қазақ қызы желідегілерді шулатты

«Қазақ аруы -2019» байқауының жеңімпазы, домбырашы, Ақтөбедегі «Алтын домбыра» студиясының негізін қалаушы Алтын Жұмағалиева Дубайдың қақ ортасында отырып, домбырамен қазақ күйін шертіп, ұлттық рухымызды көтерді.

Иығына көк туымызды жамыла отырып, Сауд Арабиясының туризм орталығына айналған алып қалада қазақ халық күйін тарту еткені желідегі оқырмандардың қызығушылығын әрі сүйіспеншілігін туғызды. Инстаграмға жүктелген видео аз уақыттың ішінде 15 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген.


Бейнеүзіктің астында: «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра», «Өте тамаша орындау, бақытты бол!», «Не деген өнер, жалғыз домбырамен оркестрдің дауысын шығарып ойнау екінің бірінің қолынан келмейді ғой», «Тек шашын жаймай, өріп алуы керек еді» деген сияқты пікірлер айтылуда.