Джеки Чан бас иді: Димашпен қосылып қазақша ән салған актер жұртты сүйсінтті (видео)

0
2 336

Димаш Құдайберген V жыл сайынғы Джеки Чан фильмдері апталығының ашылу салтанатына қатысты.


Джеки Чан бас иді: Димашпен қосылып қазақша ән салған актер жұртты сүйсінтті (видео)

Қытайдың Да тон қаласында атақты актер Джеки Чанның экшн-фильмдері халықаралық апталығы басталды. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған шараның ашылу салтанатында Димаш Құдайберген The Crown, Screaming және Unforgettable Day әндерін шырқады.

«Джеки Чан ағамыздың кешiнен» деп әнші Д. Құдайберген Инстаграмдағы парақшасында өнер көрсеткен видеосын жариялады.

Unforgettable Day әнін Димаш Құдайберген танымал тайваньдық әнші Терри Линмен бірге орындады.

Джеки Чан Димаштың өнеріне ерекше ықылас танытып, кейін, тіпті, алдына барып басын иеді. Сондай-ақ, ол Димашпен бірге қазақ тілінде ән шырқамақ болады. Актердің бұл әрекеті көпшілікті сүйсіндірді. «Отырып алып бақыттан басым айналып жатыр. Ал Димаштың қандай бақытты екенін көз алдыларыңызға елестетіп көріңіздерші. Міне нағыз адамдар. Таза, ашықжарқын, көкейлері қуанышқа толы. Жолдары әрдайым ашық болсын», «Жаным сол, біз жәй қазақ едік, енді міне киелі қазақ болдық сенің арқаңда», «Джеки Чан тағ ыда шок болып отыр. Міне нағыз таланттар», «Джеки балаша мәз болып отыр» деп жазды желі қолданушылары.