Джеки Чан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы күресте қолдау білдірді (видео)

0
1 099

Джеки Чан да Қазақстан халқына #БізБіргеміз деп қолдау көрсетті.


Джеки Чан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы күресте қолдау білдірді (видео)

Әйгілі актер Джеки Чан қазақстандықтарға видеожолдау жолдап, коронавирусқа қарсы күресте қолдау білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook желісіндегі парақшасына жүктеді.

"Қазіргідей қиын қыстау кезеңде бүкіл әлем жұртшылығы бірге болғаны ләзім. Бөлінудің еш қажеті жоқ. Әлемдік індетке бәріміз біріксек қана қарсы тұра аламыз. Жер шарының түпкір-түпкірінде миллиондаған жанкүйер фанаттары бар Джеки Чан да Қазақстан халқына #БізБіргеміз деп қолдау көрсетіп жатыр", - деп жазады