"Егер оқымағанымда депутат болып отырар едім": Танымал әзілкеш жаңа депутаттарды сынға алды (видео)

0
616

"Олардың сөйлегеніне қарным ашты" - дейді Дәнекер Оразбай


Белгілі әзілкеш, "Нысана" театрының актері Дәнекер Оразбай су жаңа депутаттардың Ант қабылдау рәсіміндегі кейбір депутаттрдың ант сөзін айта алмағанына намыстанған.

Ол видеода Анттың сөздерін қайталап, "Психологияда өзіне сенімсіз, не өтірік айтып тұрған адамдар сөздерін ежелеп айтады. Небәрі 26 сөйлемді дұрысттап айта алмағандарға Жаңа Қазақстанды оларға сеніп тапсыра аламыз ба?" деп ренжиді.

Сондай-ақ әзілкеш "Кезінде Әке-шешем бекер оқы деген екен. Егер мүлдем оқымағанымда, қазір білдей ДЕПУТАТ болып, Мәжілістің төрінде отыра ма едім!!!" жазба қалдырған.



Бірақ мұнысы көпшілікке ұнай қоймаған сыңайлы. Себебі олар "Үйлерінде отырып алып, батыр болатындарға жыным келеді. Депутат болу да кез-келген адамның колынан келмейді. Колыңнан келсе сен де бол, келмесе арттарынан әйел баласы ұқсап ангиме еткеннен не пайда... Ер азаматқа тән касиеттеринди сақтап қалындаршы", "Енді камераның алдына қарап айтқан бір жөн,көпшіліктің айтқан орны бөлекқой бәрібір қобалжу болады" деген сияқты ойларын айтқан.

Әрине арасында әзілкешті қолдағандар да табылады.