"Екеумізге бәрібір": Қазақстандық жас әнші аралас неке мен біржынысты жұптарды көрсеткен бейнебаянын жариялады

0
4 509

Желі қолданушылар әншіні "қазақтың хас дұшпанына" теңеді.


"Екеумізге бәрібір" деп аталатын әнді "The kitchen songs" атымен танымал жас әнші Азамат Сыздықовт орындаған. Халық арасында дау туғызған бейнебаянда ол қазақ қоғамында жиі қарсылыққа ұшырайтын басқа ұлтқа тұрмысқа шығу және біржынысты жұптарды көрсеткен.

Жаңа бейнебаянның шыққанын Thekitchensongs Instagram-парақшасында хабарлады.

"Менің айтқым келген ойды Иден Маккойдың мына бір сөзі тамаша жеткізеді. Махаббат жас, түр, мүсін таңдамайды, әрқайсысы өзінше ерекше. Нағыз махаббатты сынауға ешкімнің қақысы жоқ, ол тіпті романиткаға толы жай қарым-қатынас болса да... Тек сіз, өзіңіз ғана өз өміріңізді сынай аласыз", - деп жазған Азамат Сыздықов..

Өзге ұлт өкілімен қол ұстасқан қазақ қызы, бір-бірін құшақтаған жігіттер, қылмыңдаған қыз бен қыздың видеосы желі қолданушылары арасында дау туғызды. Әншінің тыңдармандарына жасаған "тосынсыйын" біреулер даттаса, енді біреулер жақтап жатыр.

"Алладан қорқу керек қой", "Қазақтың киесі атады, қазақтың хас дұшпаны", "Тағы бір жүрекке жақын ән", "Керемет бейнебаян, жарайсың режиссер! "Ащы шындық осы", "Өте батыл қадам және керемет бейнебаян", - дескен пікірлер легі толастар емес.

ERNUR.KZ