"Эх, Экс...Сен қандай едің?" Мұрат Қожаның бұрынғы жары жүрек елжірететін жазба жариялады

0
3 678

"Қайда болсаң да, қайда жүрсең де, жұлдызым болып, жарқырап жүрші, тек аман!".


Мұрат Қожаның алғашқы жары Айман Нұразхан Instagram желісіндегі жеке парақшасына ерекше жазба жүктеп, әлеуметтік желіде жұрттың ықыласына бөленді.

Әншімен айырылысып кетсе де, Айман бүгінде шоу-бизнестің қайнаған ортасында жүр. Үш қызымен жалғыз қалған Айманның экс-күйеуіне деген сыйластығы сөнбегені байқалады. Мұны оның парақшасындағы кезекті жазбасынан аңғаруға болады. Жазбамен бірге бұрынғы күйеуімен түскен суреттерін де жүктеген.

«Эх, Экс, сен қандай едің? Кешелі бері сол ой мені мазалауда. «Жарқыраған жұлдыз, жаулап алған от едің, жанып тұрған шоқ» едің!
«Жұлдызды жекпе-жектің» іріктеуі басталған сәттен-ақ, мен «Нұр&Мұрды» ұсынып едім. Қалай болғанда да маған бөтен адам емес қой деп. Сонда жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова жалт қарап: «ты уверена?» дегенде, әрине деп бір жымидым. Көрейік, мүмкіндік берейік, 20 жылдық тарихы бар топ қой. Кезінде топтардың ішінде нөмір бірі болып, Мәскеудің телеарнасынан шыққан алғашқы әншілер еді. Тв-ны қоссаң да, радионы ашсаң да тек «Нұр&Мұрдың» хиттері шырқалғаны бәрімізге аян. Ол шындық – ақиқат! Модератор Мейрамбек Бесбаев: «Ой, Айман, сен де ескілерді еске алып» деп, өзінің профессионалдық тұрғыда көзқарасын білдіріп қолдағанына үлкен рахмет! Гүлеке, Сізге тағы да рахмет, жігіттерге шанс беріп олардың қайтадан өнерлеріне бір серпіліс бергендеріңізге! Ал мен сол күні бір түрлі қыз болып жүрдім. Ішім алай-дүлей, кәдіміскүдей тақымымды қысып, уайымдағанымды жасыра алмаймын! Әйтеуір формадан кетсе де, көзден кетсе де жартылай финалға ілінгеніне не қуанарымды, не әттеген-айымды айта алмадым! Қалай болғанда да әдемі болып, жарқырап жүргендерін қалайды екенмін! Көп нәрсеге көзімді жұмғанннан дәл сол күні жүгіріп жүріп, шұңқырға қалай түсіп кеткенімді де түсінбей қалдым! Жаралы жүрек одан сайын сыздап, өзімді қоярға жер таппай қиналып қалдым. Бірақ бұл жұмыс болғаннан соң, ішімдегі жан айқайымды көрсетпеуім қажет екенін де білемін! Қой, шо то эмоцияға берілмей тұрғанымда «Нұр&Мұрға» сәттілік тілейін! Алдағы уақытта Хабар арнасынан көріп ,өз бағаларыңды беруге мүмкіндіктеріңіз бар.
Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да, қайда жүрсең де, жұлдызым болып, жарқырап жүрші, тек аман!»
– деді Мұраттың алғашқы әйелі инстаграмда.



Айман Нұразхан үш қызы: Іңкәр, Арай, Ажармен бірге. Сурет Айман Нұразханның Instagram-дағы парақшасынан алынды