"Елдосқа тұрмысқа шықпас едім": Әзілкештің жары онымен бірге болуының себебін түсіндірді

0
1 068

"Біреудің төсегін аңдып жүргенде, өз өмірлеріңіздің қалай өтіп кеткенін білмей қалмаңыз" - дейді әзілкештің жары.


Көпшілікке Елдос Калабок болып танылған әзілкеш, блогер жақында көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген еді. Ол өзінің жеті жылдан бері балалы бола алмауының себебін нақты айтып, оқырмандарынан жарына ауыр пікір жазбауды сұраған болатын

Ал кеше оның "Жонушкасы" Елдосқа сезімін жеткізіп, барлығы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ оқырмандарына назын қоса жеткізген.

"Бұл постты өзім сөйлеп шығарамын ба деп ойлағанмын…..

Бірақ жеткізе алмайтын сияқты болдым. Айтайын дегенім….

Біріншіден, менің жаныма, жүрегіме, өмірлік махаббатыма алғысымды айтқым келеді. Мен үшін өте үлкен қадамға барғаны үшін. Екінің қолынан келмейтін, батылы бармайтын, намысы жетпейтін шаг жасағаны үшін. Менің сізге деген алғысымды, қалай жақсы көретінімді, сезімімді жазатын болсам бұл жерге сыймайды.
МЕН СІЗБЕН МАҚТАНАМЫН
СІЗДІ АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН ЖАҚСЫ КӨРЕМІН!

Екіншіден, бізде қандай жағдай болмасын әрқашан қолдайтын, поддержкасын аямайтын оқырмандарыма Алғыс айтқым келеді. “Сендермен до конца” деген сөздің өзі біз үшін мотивация. Сіздер сияқты жанашыр оқырманымыз барда біз сынбаймыз.

Үшіншіден, сұхбаттан кейін “басқа бәле тілден” білмей жатып сырттарыңнан ғайбат сөз айтқаным үшін кешіріңдерші деп жазғандар көп болды. Алла өзі кешірсін деймін сіздерді. Кішігірім өмірлік сабақ деп қабылдаңыздар.

Төртіншіден, “Елдостың ақшасы үшін кетпей жүр” дегендер де аз емес. Сол кісілерге айтарым….
Бастарыңызға бермесін, Алла сізді денсаулықпен, баламен сынамасын деймін.
Егер мен ақша үшін жүрсем, Елдосқа тұрмысқа шықпас едім. Мен осындай өмірге топ ете қалған жоқпын. Бірінші Алланың арқасында,екінші екеуіміз бірге қол ұстасып, аналарымыздың батасымен, бір-бірімізге поддержка жасау арқылы жеттік. Күн, түн демей, үйдің бетін көрмей еңбек еткеннің арқасы.

Егер мен үшін ақша, байлық маңызды болса, “квартира жалдап тұрғанда, қарызға продукты алғанда, копилкадағы соңғы ақша қалғанда” кетіп қалар едім. Тіпті досымыздың қуанышына той анасын бере алмаған күндерде болған.
Біздің аяқ-киімді киіп, біздің жолмен жүрмеген соң сырттан әңгіме айту оңай.

Қысқасы біреудің өмірін, төсегін аңдып жүргенде, өз өмірлеріңіздің қалай өтіп кеткенін білмей қалмаңыз. Әр сәттен рахаттанып, барға шүкір етіңіздер дегім келеді.

Сізде бар нәрсе менде жоқ, менде бар нәрсе сізде жоқ. Бұл өмір…" - дейді ол.


Мұны оқыған желі оқырмандары көңілді отбасын қолдап, ыстық ықыластарын жарыса білдіріп жатыр.

Олар "Не деген керемет және қатты ойға саларлық сөздер. МЕНДЕ БАР НӘРСЕ СЕНДЕРДЕ ЖОҚ. СЕНДЕРДЕ БАР МЕНДЕ ЖОҚ! Құдай қаласа, Сізде де болады. Бізде де болады. Тек Аллаһ естуші көруші, білуші", "Құдай айтады екен "баланы төсектен беремін,төсектен бермесем есеппен беремін "-деп. Құдайдың бір есебі бар шығар. Үмітіңізді үзбеңіз. Әйел адам бір мүшел жасында көтереді-деген әжем. Сізде бір күні ана боласыз. Құдай береді!" деген тілектестіктерін жазуда.