"Енеңізге ұқсайсыз": Роза Рымбаеваның келіні желі қолданушыларын сұлулығымен тәнті етті

0
870

"Енеңіздің дәл осындай суреті бар ғой, балалардың кішкентай кезінде" деп жазды оқырмандар.


Али Окаповтың жары, шоу-бизнестің белгілі өкілі Ақерке Бүркітбай ана болғалы өзін жаңа қырынан көрсетіп жүр. Әуелден желіде белсенді Ақерке өзінің жұмысы мен табыстары туралы жиі жариялайтын еді, қазір бөбегінің суретін жиі салатын болды.

Мысалы, жақында ғана "Мен шығып көрген ең биік жер - әкемнің иығы, Мен барып көрген ең жылы жер - анамның құшағы" деп ерекше суреттерін желіге жариялады.


Бұл фото суретті көрген желі оқырмандары оның сұлулығына тәнті болып, жып-жылы тілектерін жарыса жазып жатыр. Мысалы, "Бар әлемнің бақытын тілеймін", "Махаббатқа толып тұр" деген пікірлерден көз сүрінеді.