Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады (видео)

0
3 463

Әйелдер қауымы өзін күтетін, күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды.


Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады (видео)

ERNUR.KZ. Әнші, хореограф, бұрынғы "Орда" тобының әншісі, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан сұхбатында қызықты жайттарды баяндады. Топ продюсері қоластындағы әншілердің көзқарасы мен стилі жайлы айтты. Бұл туралы Динара Сәтжанмен сұхбаты барысында айтылды, деп жазады stan.kz.

Журналист "Жігіттер шашын бояй бастаса, олар дәстүрлі көзқараста емес" деген түсінік бар. Ал, сіздің бұған көзқарасыңыз қалай деген сауал қойды.

Топ әншілерінің "корейлік" емес, "азиаттық" стильде екенін айтқан продюсердің өз жауабы бар.

"Жақында "Мен емес" атты деректі фильм түсірдік. Онда біз жай ғана кейіпкер болдық. Фильді көптеген сарапшылар талдап, пікірін айтты. Сонда бір сарапшының айтқаны бар. "Әйелдер денелі, еңгезердей еркектерден шаршады" дейді. Әйелдер қауымы өзін күтетін, күтімене немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайтынын айтты. Яғни, бұған сұраныс бар деген сөз. Сұраныс болғаны үшін жігіттер кінәлі емес", - дейді Ерболат Беделхан.