Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан қаза тапты

0
8 258

Беделді продюсерлердің ата-аналары да қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен.


Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан қаза тапты

"Орда" тобының мүшелері, шоу-бизнесте өз орны бар продюсерлер Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы хабарды отандық белгілі журналист Ришат Асқарбекұлы өзінің Facebook парақшасында жазған.

""Орда" тобындағы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхан деген үш жігіттің әке- шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен. Иманды болсын!" - деп жазады журналист.


Бұл туралы хабарды өзге де әлеуметтік желі белсенділері өз парақшаларында жазып, қос жұлдыздың ата-анасының қазасына көңіл айтуда.