Ерке Есмахан тағы да жас жігітпен "ұсталды" (ВИДЕО)

0
3 173

«AZ-ға қарағанда Әмремен жарасады екенсің»


Ерке Есмахан тағы да жас жігітпен

Шымкент қаласында жүрген әнші тағы бір жас әншімен ұсталды.


Әмре лақап атымен танымал Ернар Садырбаевтың Ерке Есмаханмен бірге «Sandyq» мейрамханасында отырып, оған Еркенің шай құйып беріп отырған сәтін музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова түсіріп алып, сторизінде жариялады.


Айта кету керек, бұған дейін Ерке мен Әмренің құшақтасып түскен суреті желіде көп талқыланған болатын. Сол кезде желі қолданушылары «AZ-ға қарағанда Әмремен жарасады екенсің» деген сыңайдағы пікірлер жазған болатын. Ізінше пабликтерде «91» тобындағы Азамат пен Еркенің айырылып кеткені туралы жазылды. «Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, енді Әмре мен Ерке мейрамханада жарасып ас ішіп отырған видеосы пайда болды.