"Еркектер біздің киімнің біреуін ғана кимеді": Шуба киген Әлішер Кәрімовты желі оқырмандары сынға алды

0
5 631


"Қойшы, шубадан басқа да неше түрлі брендтегі сырт киім көп қой... Ер адамға жараспайды шуба киген" дейді Әлішер Кәрімовтың шуба кигенін көрген оқырмандары.

Әлеуметтік желіден әнші Әлішер Кәрімовтың шуба киген суретін көрген оқырмандар оны бірден сынға алды. Әдетте әйелдер үшін сәннен түспейтін шубаның ер адам киіп алуы олардың қызығушылығын оятса керек. Ол суретті желідегі танымал топтар бөлісіп, түрлі жазбалар қалдыруда.

Солардың бірі "Жұлдыздар әлемі" тобы жариялаған бұл суретке оқырмандар түрлі пікірлер жазып, тартысқа түскен. Олардың бір тобы "Ер адамға шуба киюге болады" десе, тағы бір тарабы "Әйелдің киімін киген" деп кіналаған.