«Еркенікі жағымсыздау»: Желідегілер «Әппақ гүлдер» әнінің жаңа орындаушысын сынап тастады

0
1 363

«Әнді жатып орындағаны ұят тірлік»


«Еркенікі жағымсыздау»: Желідегілер «Әппақ гүлдер» әнінің жаңа орындаушысын сынап тастады

Танымал отандық әнші Ақбота Керімбекованың сахнада жүргеніне 25 жыл. Осы жылы мерейтойына орай үлкен концерт жасауды жоспарлаған әнші өзінің хит әндерін өзге әріптестеріне беруді ұйғарыпты. Мысалы, «Әппақ гүлдер» әнін өнердегі сіңлісі Ерке Есмаханға ұсыныпты.



Желідегі оқырмандар «Әппақ гүлдерді» жаңа орындауда қабылдай қоймаған сыңайлы.

«Түпнұсқаға жетпейді ау, бірақ әр әншінің өз стилі бар дегендей», «Осы әнді айтып өстім ғой. Сіздің орындауыңызда ғана қабылдай алады екем», «Ақбота ханымның айтқанына жетпейді. Ақбота өте керемет әнші!», «Сіздің орындағаныңызға жетпейді», «Үлкендігіңді, жүрегіңнің кеңдігін жасадың. Дұрыс. Алла разы болсын. Бірақ бәрібір сенің орындағаныңа жетпейді. Айналайын Ақботаш, сен бұл әнді бір нәзіктікпен, пәктікпен орындайсың. Ал Еркенің орындауы жағымсыздау. Ренжімесін. Бұл менің пікірім. Әнді жатып орындағанға жаным қарсы. Ұят тірлік”, «Ақбота сіздің орындауыңызда жақсы екен. Еркеге жараспайтын сияқты», «Кешегі домбырамен орындаған дәстүрлі әншілер жүрекке жеткізіп айтты. Солар айтса жарасады. Мың рет тыңдадым кеше», «Сіздің орындауыңызда тыңдай берейікші. Мүлдем өзгертіп тастапты ғой. Бұрынғы нұсқасы ұнайды маған. Ерке ренжімесін» деген сияқты пікірлерін жазды.