​«Ешқашан ұрлық жасамадым»: Қыдырәлі Болманов Мұхтар Әбіләзовпен қандай байланысы барын айтты

0
4 358

«Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным»


​«Ешқашан ұрлық жасамадым»: Қыдырәлі Болманов Мұхтар Әбіләзовпен қандай байланысы барын айтты

Әнші Қыдырәлі Болмановтың белгілі оппозиционер Мұхтар Әбіләзовпен түскен суреті желіге тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Өнер иесінің айтуынша, бұл сурет осыдан 25 жыл бұрын түсірілген екен.


«Айналайын, қазағым-ай» десем дұрыс болмас. Өткенде бір құрметті имамның уағызында «Ер адамдар топырақтан жаратылған. Бірақ топырақ әртүрлі болады. Қара топырақ, сары топыраққа бөлінетіні сияқты, адамдарды да әртүрлі топырақтан жаратады» дегенді есітіп, ойланып қалдым. Егер бәріміз бір топырақтан жаралсақ, бір-бірімізге ұқсас болар ма едік, ұқсас болсақ, тату-тәтті, ынтымақты, бірлігіміз басым болар ма еді? Алла мені кешірсін!


Осы суреттегі азаматтар кезінде өнер, білім үздіктерін халық атынан әділ марапаттап, (сарапшылар алқасы Төрегелді Шарманов, Қадыр Мырзалиев, Ақселеу Седімбек сынды қазақтың ірі тұлғалары болатын) «Ұлытау» тобы «Тарлан» сыйлығыны алған. Фотодағы кісілердің барлығы осы «Тарлан» премиясының құрылтайшылары, марапаттан соң суретке түстік.


Әбіләзовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да. Әңгімелесіп те көрген емеспін. Ал Марғұлан Сейсембай Ұлытауда дүниеге келген азамат. Құрметтеймін, өте білімді, талантты, үлкен кәсіпкер. Бұл фотоға 25 жылдан астам уақыт өтіпті. Бір парақшадан байқап қалдым да. Әр нәрсенің қайыры бар деген, Сақтар дәуірінен қалып кеткен фото болса да салыңыз. Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным» деп жазды Қыдырәлі Болманов.