Гүлзира Айдарбекова: "Ана мен баланың арасына іріткі салушыларға айтарым бар"

0
2 974


Гүлзира Айдарбекова:

Танымал хитменді "анасының баласы" деп қалжыңдайтындар да, қағытып кететіндер де жетерлік. Осы сөз ананың шамбайына батқанын мына жазбадан аңғаруға болады.

"Осы суретті балам, парақшасына салған екен, ана мен баланың арасына іріткі салушыларға жауабым болсын:
Жүрегімде тербеген мың арман бар,
Оны білер өзімді ұға алғандар.
Баласы үшін бар ана безбектейді,
Теріс ойлы пікірді шығармаңдар.

Алшақ кеткен пенденің аралығын,
Түсінбейтін, Қайратым бала бұрын.
Мен ұлымды сүйресем биік тауға,
Анаға сай құрметім даналығым.

Батырады көп адам мұңға мені,
Шықпағасын шыңғырып шыңға лебі!
Сондайлардың сөзінен күйзелгенде,
Батырғым-ақ келеді құмға тегі.

Бір басымды қатырмай мұнда дауға,
Өзгертпейін бұл жолды бұрмалауға.
Еш адамның бірақта қақысы жоқ,
Жүрегімнің сезімін жұлмалауға.

Жетелесе жақсыға бүгін ісің,
Ол дегенін адамның ұлығысың
Мен әлі де, күресіп еңбектенем,
Елім десе еңірер ұлым үшін"-, дейді Гүлзира Үсенқызы.


Осылай теріс ойдан арылуға шақырған ананың жазбасын әртүрлі бағытқа бұрып кеткендер де желіде көп болыпты. Олардың бірі, киімдеріне сын айтса, енді біреуі Қайраттың өзін қалдыру керектігін айтады.

Әрине арасында отбасына бақыт пен жақсылық тілегендер де жоқ емес.