"Іш киімнен алып, табаққа тастау ғана қалды": Шұлығындағы ақшаны беташарға тастаған Серік Ибрагимов сынның астында қалды (видео)

0
3 846

"Есерлік қой бұл"


Хит әндердің орындаушысы Серік Ибрагимов бұл жолы желідегі видеосы арқылы хитке айналды. Танымал әнші өнердегі досының тойына барып, беташарда ақшаны әр қалтасынан, тіпті шұлығынан да алып салған. Оны видеоға арнайы түсіріп, желіге жариялады. Хайп жасағысы келген әншінің бұл қылығы тыңдармандарына ұнамай қалған сияқты.


Себебі желі оқырмандары дәл осы жазбаның астына түрлі пікірлер жазып, тіпті қатты сөккендері де бар. Бір оқырман "Ұят нәрсе бұл енді. Құтырған өнер жастары" десе, екіншісі оны қолдай келе "Ия, өте өрескел, ыңғайсыз көрінеді екен...жігіттердің салмақты болғаны дұрыс ау..." дейді.

Десе де әнші олардың сынына ешқандай жауап қатпаған.